Астанада бұршақ жауып, көлік терезелері сынып кетті

Фото: Фото: Алтынай Сағындықова

АСТАНА. KAZINFORM - Астана қаласының әуежай аумағында бұршақ жауып, көліктердің терезесі шытынады, кейбірінде сынып кетті.

Бұршақ сағат шамамен 17:50-18:00 шамасында жауды. Халықаралық әуежай маңындағы көліктер бір сәтке қозғалысты тоқтатып, жол жиегіне тоқтады.

- Мұндай бұршақты бірінші рет көріп тұрмын. Тауық жұмыртқасына жететін шығар көлемі. Енді көліктің алдыңғы терезесін ауыстыру керек. Сақтандыру компаниялары шығынды өтемейді. Ол осы алдыңғы терезенің түпнұсқасы 80 мың, көшірмесі 40-45 мың тұрады,- деді такси жүргізушісі.

Айта кетейік, осыған дейін атмосфералық фронттардың ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болатыны айтылды. Яғни найзағай жарқылдап, бұршақ пен жауын жауады, дауыл соғады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.