«Ресоциализация: Сен қоғамға керексің! Ты нужен обществу! Sосіeтy needs you!» атты жобаның бастауына арналатын бұл Форум бұрын сотталған адамдарды заңға бағынушы азаматтар ретінде қоғамға реинтеграциялауға бағытталған. Форумды бірігіп ұйымдастырушылар - Парламент Мәжілісінің Сот-құқықтық реформа және заңнама комитеті, Жоғарғы Сот, Ішкі істер министрлігі, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес, ЕЫҚҰ-ның Астанадағы Кеңсесі және Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы. Осыған дейін Бас прокуратураның бастамасымен «түрме реформалары» мәселелері бойынша екі форум өткізілген болатын. Онда көтерілген жобалардың іске асуы соңғы үш жылдың ішінде еліміздің «түрмедегі адамдар саны» бойынша халықаралық рейтингіндегі 35-ші орыннан 55-ші орынға дейін жоғарылауына мүмкіндік берді. Ұйымдастырылып отырған бұл форум бұдан бұрын өткен жиындар сияқты Мемлекет басшысының пенитенциарлық жүйені реформалау аясындағы тапсырмаларын іске асыруға арналған және бұрын сотталған адамдарды қайта әлеуметтендіру жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
04:30, 11 Желтоқсан 2015
Астанада бұрын сотталған адамдарды қайта әлеуметтендіру жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған форум өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 желтоқсанда Бас прокуратурада «Түрме реформасына» арналған ІIІ Форум өтеді, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.