Бұл туралы ҚР Конституциялық Кеңесінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Кездесу барысында тараптар адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету саласында БҰҰ мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен болашағы жайлы пікір алмасты.
Конституциялық Кеңес Төрағасы И. Рогов өзінің сұхбаттасын Конституциялық Кеңестің Ата Заңның үстемдігін қамтамасыз етудегі қызметі, сондай-ақ еліміздің құқық қорғау жүйесін жаңғырту саласындағы мемлекеттік құқықтық саясатының негізгі бағыттары жайлы хабардар етті.