Астанада БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған фотокөрме ашылды

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – «БҰҰ – 80: Шынайылық» көрмесінде бұрын жарияланбаған 80 фотосурет қойылған. Іс-шараны ұйымдастырушылар өз кезегінде көрменің цифрлық нұсқасын жасау және қысқа деректі фильм дайындау жоспарланып отырғанын айтты.

– Жыл басында студенттерге дәрістер өткіздік. Бұл іс-шаралар 2025 жылдың соңына дейін жалғасады. Болашақта көпшілікке қолжетімді болуы үшін цифрлық нұсқа мен деректі фильм жасайтын жоспар бар, - деді БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднаарагчаа. 

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Сарангоның айтуынша, бүгінгі көрме – Президенттік орталықпен бірге ұйымдастырған ең табысты бірлескен жобаның бірі. 

– «БҰҰ және мен» бөлімі арқылы әрбір мүдделі тарап БҰҰ-мен қалай ынтымақ құратынын біле алады. Бір жыл ішінде шамамен 100 мың адам БҰҰ-ның тренингтері мен экономикалық қолдауынан пайда көрген, - деді ол.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Көрмеде келесідей фотосуреттерді байқауға болады:

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Күнделікті отырыстар мен миссияларды әсерлі оқиғаға айналдыратын ерекше ракурстар;

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Дипломатия мен халықаралық саясаттың «сырт көзге көрінбейтін» сәттері;

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Бейбітшілік, гуманизм және жасампаздық жолына өмірін арнаған адамдардың шынайы портреттері.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Бұған дейін Шымбұлақ тау-шаңғы курортында БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған мурал ашылғанын жазғанбыз. 

Камила МҮЛІК