Өткен демалыс күндері негізгі кестеге түсу мақсатында біліктілік матчы өткізілді. Ал бүгін сағат 10-00-де негізгі кестенің матчтары басталды. Халықаралық турнирге 15 елдің спортшысы қатысуда. Олардың арасынжа Райнер Шутлер (Германия), Теймураз Габашвили (Ресей), Александар Кудрявцев (Ресей), Константин Кравчук (Ресей), Андре Мартин (Словакия) сияқты спортшылар бар. Негізгі кестеде Қазақстан атынан Сержан Есенбеков, Денис және Антон Саранчуков сияқты спортшылар өнер көрсетеді. Сонымен қатар біліктілік раундында Айдынбек Рақышев, Қайрат Көшеров, Жанболат Жақыпов, Станистлав Никульчиков, Данил Браун, Дінмұхаммед Есенқұлов және Әділ Елтаев сияқты азаматтар өнер көрсетпек.
Алғашқы айналымда А.Саранчуков француз Фабриция Мартинмен кездеседі. С.Есенбеков жапондық Марио Хирокимен бәсекеге түседі. Ал Д.Евсеев ұлыбританиялық Даниел Кохоммен жарысқа түспек. Халықаралық турнир Hard Ru Kort ашық кортында өтеді. Турнирдің жеңімпазы АТР рейтингі бойынша 80 ұпай жинап, өзінің әлемдік рейтингтегі көрсеткіштерін жақсартады.