Астанада Чилидің Қазақстандағы Консулдығының инаугурациясына арналған шара өтеді

АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 11 қараша күні Астанада Чили Республикасының Қазақстандағы Консулдығының инаугурациясына арналған салтанатты шара өтеді.

Консулдықтың салтанатты ашылуы барасында Чили Республикасының Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хуан Эдуардо Эгигурен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырады деп күтілуде.

Еске салайық, Чили Республикасының Қазақстандағы Консулдығы Құрметті Консул Леонид Шейнгезихттің басқаруымен 2010 жылдың 1 сәуірінде Астана қаласында ашылды. Бүгінгі күні Қазақстанда Латын Америка елдерінің екі елшілігі жұмыс істейді - Бразилия және Кубаның. Чилиде Қазақстанның дипломатиялық өкілдігі орналаспаған.

Шараға ресми сапармен Латын Америка елдерінің Ресей мен Түркиядағы елшілері, Қазақстандағы барлық мемлекеттік құрылымдар мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысады.