Халықаралық шараның ашылуында сөз сөйлеген ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Щеглова мұндай форумды өткізу ғылыми-техникалық, инновациялық, сонымен қатар ІТ салалары қатысушыларының ынтымақтастығын дамыта түсетіндігін баса айтты.
«Интернет заттар өте қарқынды өсім көрсетіп келе жатқан, өте үлкен көлемдегі жеке және мемлекеттік инвестициялар үшін тартымды технологиялық салалардың біріне айналғанын өздеріңізде жақсы білесіздер», - деді вице-министр.
Форум қатысушылары қаланың және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының зияткерлік инфрақұрылымын құру, Қазақстан экономикасын цифрлық трансформациялау, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін жан-жақты талқылауда. Сонымен қатар, Интернет заттар саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар өз жобаларын да ұсынуда.
«Интернет заттардың әрбір кезеңі біздің өмірімізге дендеп еніп барады. Қазіргі уақытта есептеуіш, өлшеуіштерге арналған интернет хаттар жобасын жасауды бастаймыз. 3-4 жылдың ішінде бұл да біз үшін үйреншікті дүниеге айналады», - деді «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы Қуаныш Есекеев.