Бағдарлама аясында қала тұрғындары мен қонақтары батут акробаттарын, үйретілген аюлар мен көңілді пудельдер, пони және т.б. тамашалайды. Цирк қызметкерлерінің айтуынша, алдағы маусымның табысты болуы сүйікті хайуанаттарға байланысты. Сондықтан, бұл есте қаларлық оқиға болмақ. Елордалық цирк 2003 жылы ашылып, түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізіп келеді.
20:39, 16 Қыркүйек 2014
Астанада цирктің жаңа маусымы ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада цирктің жаңа маусымы басталды. 6-28 қыркүйекте көпшілік назарына «EURO цирк» бағдарламасы ұсынылады, деп хабарлады astana.kz.