АСТАНА.KAZINFORM — Бұл мекеме дала халықтарының тарихы мен мәдениетін кең ауқымда насихаттап, танытады. Бұл жөнінде Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Түркістанда өтіп жатқан бейресми саммитінде мәлімдеді.
— Біз Астанада дала өркениетін дәріптеуге арналған орталық құруды жоспарлап отырмыз. Онда дала халықтарының тарихы мен мәдениеті кеңінен насихатталмақ. Ұйымға мүше мемлекеттерді және барлық бауырымызды осы жобаны қолдауға және оған белсенді қатысуға шақырамын, — деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті басталғанын жазғанбыз.
Алпамыс Файзолла
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де қазақ тілі мен әдебиеті бойынша магистратураны бітірген. Сондай-ақ, Ұлыбританиядағы Абердин университетінде магистратурада оқыған. Республикалық телеарналарда қызмет атқарған. 2026 жылдан бастап «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.