Өрт туралы ақпаратты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі растады.
«17:36-да Астананың Алматы ауданындағы «Жерұйық» саябағында орналасқан дәмханада өрт тұтанып, шатыры, тұрмыстық техникалар жанған. Жалын 7 шаршы метрді шарпыған. Өрт 17:56-да ауыздықталып, 18:00-де толықтай сөндірілді», - делінген хабарламада.
Құрбандар жоқ, ешкім зардап шекпеген.
20:10, 29 Наурыз 2018
Астанада дәмхана өртенді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін кешкісін Астанадағы дәмханалардың бірінде өрт тұтанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.