Астанада «Даму» қорының аймақтық филиалы жанынан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды
Аталмыш шараға ҚР Өңірлік даму министрлігі, Кәсіпкерлікті дамыту комитеті төрайымының орынбасары Бақытжан Сәркеев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Қанат Сұлтанбеков, «Даму» қорының Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова, Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мәжитов, «Байтерек» холдингінің басқарушы директоры Қаныш Тулеушин, сондай-ақ банктердің, даму институттарының және елордалық бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.
«Жаңадан ашылған Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бизнес өкілдерін ақпараттандыру мен консультациялық қолдау көрсетумен қатар, құқықтық көмек те көрсетіледі. Кез келген кәсіпкер рұқсат құжаттарын алу, бизнес субъектілерін тіркеу және басқа да сұрақтар бойынша Астана қаласының өңірлік кәсіпкерлер палатасының КҚКО-дағы өкілдерінің көмегіне жүгіне алады. Сондай-ақ КҚКО-ны шағын және орта бизнес өкілдерімен «кері байланыс» орнатудағы қосымша құрал ретінде қарастырып отырмыз. Кәсіпкерлермен өзара әрекеттестік орнатудың жаңа әдісі шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты маңызды шешімдер жобалары бойынша бизнесмендердің пікірлері мен ұсыныстарын есепке алуға мүмкіндік береді. 2014 жылы бизнестің түйіткілді мәселелерін шешу барысында құқықтық қолдау мақсатында Астана қаласының өңірлік кәсіпкерлер палатасы «Кәсіпкер сағаты» жобасын іске қосылады. Бұл іс-шараның өткізілуіне мемлекеттік органдар да атсалысып, аталған жоба аясында мемлекеттік органдар тарапынан орын алатын негізсіз іс-әркеттерді азайтуға, сондай-ақ адал кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жұмыстарын күшейтуге қолжеткізіледі деген үміттеміз», - деп атап өтті Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мәжитов.