Астанада дәнекерлеу жұмыстары кезінде екі жұмысшы 8 метр биіктіктен құлап кетті - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - Астана қаласында кеше «Алматы» іскерлер үйінде электр монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде саусақтарын күйдіріп алған «Марден-Реалти» ЖШС-нің 51 жастағы электршісі ауруханаға жеткізілді,

 деп хабарлады ҚР ТЖМ.

 Сондай-ақ жаңадан салынып жатқан астаналық «Хайвилл» тұрғын-үй кешенінде кешқұрым дәнекерлеу жұмыстары кезінде 44 және 50 жастардағы екі жұмысшы 8 метр биіктіктен құлап кетті. Олар ауруханаға жеткізілді.