Астанада дәнекерлеу жұмыстарын атқару барысында жұмысшы зардап шекті
07:32, 30 Шілде 2012
АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Астана қаласының Алматы ауданында Өнеркәсіптік аймақта салынып жатқан өндіріс базасында, 29 шілде күні сағат 15.53-те дәнекерлеу жұмыстарын атқарып жатқан «Қазқұрылысинвест» ЖШС-нің 38 жастағы дәнекерлеушісі аспа темірдің астында қалып қойды.
Ол ауруханаға жеткізілді.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.