«Абылай хан даңғылы бойында дәріхананың бірінде қорқыту арқылы кассадан ақша қымқырған күдікті ұсталды. Қазіргі кезде ол қамауға алынды. Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сонымен қатар оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», - деп атап өтілген ІІД баспасөз қызметінің мәліметінде.
Айта кетейік, Ішкі істер департаменті күдікке ілінген аталған адамның әрекетінен зардап шеккендерді «Алматы» ауданының Ішкі істер басқармасына келуге шақырды.