Жыл сайын 25 мамыр күні жалпы орта білім беретін пәндер бойынша өткізілген халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау мақсатында «Триумф» балы ұйымдастырылады.
«2016-2017 оқу жылында Астана қаласының оқушылар командасы республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарысында алдыңғы қатарлы орындар мен «Үздік команда» атағына ие болды. Дәстүрлі шара жетістікке жеткен дарынды оқушыларымызға құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылады», - дейді «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының директоры Майра Құрманбаева.
Салтанатты шараға жеңімпаз атанған 11-інші сынып оқушылары қатысады.