Осымен төртінші рет өткізіліп отырған бұл конкурс Астананың жарқын іс-шараларының біріне айналып отыр. Конкурс хор вокалы, мәнерлеп оқу, хореография, аспапта ойнау, бейнелеу өнері, фотосурет аталымдары бойынша өтеді. Оған 10 мен 15 жастың аралығындағы балалар және 16 жас және одан жоғары жасөспірімдер қатысады.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, шығармашылық жарыстардың барысында 27 медаль топтамасы ойнатылады.
«Шаттық» қалалық конкурсының алтын жүлдегерлері алдағы сәуір айында өтетін қалалық Дельфий ойындарына қатысады. «Шаттық» конкурсын Астананың білім басқармасы, М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы және бірқатар өнер мектептері ұйымдастырып отыр.