Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада 20-21 маусым күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Фото: Астана әкімдігі

Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады.

Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындарды, тосаптар мен джемдерді және басқа да тауарларды сатып ала алады.

— Іс-шара 20 және 21 маусым күндері сағат 10:00–ден 19:00–ге дейін Алаш тас жолы, 35Б мекенжайында орналасқан «Keryen Joly» сауда орталығында өтеді. Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынның маңынан № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобус бағыттары қатынайды, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Павлодарда азық-түлік пен көкөніс өнімдері қымбат бағаға сатылып келгені белгілі болды.