Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады.
Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдер мен жаңа піскен тоқаштарды, табиғи шырындарды, тосаптар мен джемдерді және өзге де тауарларды тиімді бағада сатып ала алады.
Іс-шара 21 және 22 ақпан күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді.
Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орын маңынан №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайды.
Айта кетелік Қазақстанда ара шаруашылығы қарқынды дамып, балды шетелге шығару 2,5 есеге өсті.