Ауа райы болжамына сәйкес, бүгін Астанада көшпелі бұлт шығады. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы күндіз 4; 6°С құрайды.
Сәрсенбі күні елордада күн жылы болмақ. Күндіз ауа температурасы 6 8°С, ал түнде -4;-6 °С көрсетеді.
Бейсенбі күні Астанада күн 11; 13°С дейін жылынады, көшпелі бұлт шығады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Жұма күні түнде ауа температурасы 0;-2°С, күндіз 12; 14°С болады.
Демалыс күндері ауа райы айтарлықтай жылынады. Сенбі күні түнде ауа температурасы 1; 3°С, ал жексенбі күні түнде 2; 4°С болмақ.