«4 қараша күні күн бұлтты, жауын жауып, тұман түседі, көтайғақ болады. Оңтүстік батыстан тұрған жел бағытын өзгертіп солтүстік-батыс, батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы 0,-2°С, күндіз 0, 2°С», делінген Қазгидромед хабарламасында.
Астанада жексенбі күні көшпелі бұлт шығып, күндіз жауын-шашынды, көктайғақ болады. Жел оңтүстік, оңтүстік батыстан 7-12, күндіз екпіні 15 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -1...-3°С, күндіз 3... 5°С.
Дүйсенбі - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы 1... 3°С, күндіз 3... 5°С.