Астанада демалыс күндері жаңбыр жауады

АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Астанада осы аптада ауа райы құбылмалы болды. Жұмыс аптасының бірінші жартысында күн ыстық болса, аптаның соңында көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауды. Демалыс күндері де ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Алдағы күндері елордада күн ала бұлтты болады, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 12 15°C, күндіз 22 24°C-ге жетеді. Демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады.

«Сенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с, кей жерлерде 15-18 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 13- 15°C, күндіз 22- 24°C болады», - деп хабарлады «Қазгидромет».

Жексенбі күні ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз, батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 12- 14°C, күндіз 22- 24°C болады.