Шара сағат 9.00-де ауған жауынгерлеріне арналған ескерткіштің жанынан басталып, «Жерұйық» паркінде аяқталды, деп хабарлайды astana.kz .
Жүгіруге қатысқандарға арнап қазақстандық жас эстрада жұлдыздары мерекелік концерт қойды. Музыкант Еркеш Хасен, «Самұрық» шоу-балеті, «Акапелло-априори» тобы, Астана черлидерлерінің командасы, сондай-ақ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Аталған фестиваль игі дәстүрге айналған. Жыл сайын шараға қатысушылар спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Фестивальға 4 мыңға жуық адам қатысты.