«1 желтоқсанда деректі кино күндері режиссер Рашид Сүлейменовтің «Қазақстан жолы: Тәуелсіздік шежіресі» циклінен «Мемлекет басшысы» және «Елбасы» атты фильмдерінің көрсетілімімен басталды», - деп атап өтілген ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің таратқан ақпаратында.
«Қазақстан жолы: Тәуелсіздік шежіресі» атты көп сериялы деректі фильм мемлекет тарихындағы ең жарқын оқиғалардың сараптамасы, халық өмірінің барлық салалары реформалануындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі мен Мемлекет басшысының әлемдік көлемдегі жаһандық жобалардың бастамашысы ретіндегі жетістіктері туралы баяндайды.
Сонымен қатар шара аясында Қазақстан көрнекті қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильмдердің тұсаукесерлері өткізілді. Бұл фильмдердің қатарында режиссер Б. Нүсіпбековтың «Шәкен Айманов: адам және аңыз», режиссер Ж. Жетіруовтың «Мырзатай Жолдасбеков» және Д. Саламаттың «Нұрлан Оразалин» киноленталары бар.
Фильмдердің көрсетілімдері Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кинотеатрында және Қазақ ұлттық өнер университетінің Жамбыл атындағы залында өтеді.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің аясында өтіп жатқан шараның ұйымдастырушылары «Қазақфильм» АҚ, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық өнер универститеті болып табылады», - делінген министрлік мәліметінде.