«Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы, 1-бөлімі (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Өрт-техникалық сараптамалар тағайындалды. Көшеден кездейсоқ өткен бір жаяу жүргінші әйнек сынықтарынан зардап шекті. Оған медициналық көмек көрсетілді», - деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова.
Бұған дейін хабарланғандай, 23 қараша күні сағат 17:47-де Манас көшесіндегі өрт туралы хабарлама келіп түскен. Өрт орнына келген бірінші өрт бөлімшесі дүңгіршекте газ баллонының жарылғанын және 40 шаршы метр аумақтың өртенгенін анықтады.