Оқиға орнына, Байқоңыр ауданындағы донер кафесі жанып жатқан аумақта елордалық құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамның 20-дан астам адамы және 4 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін мәлімдеді.
Өртті сөндіру барысында алдын ала болжам бойынша газ баллондарынан 4-5 тарсыл болды. Кафедегі өрт оқшауланды.