«ҰҒКО» АҚ трансплантация бюросына Алматы қаласының жедел медициналық көмек ауруханасында бас миы өлген әлеуетті донордың бар екендігі туралы ақпарат келіп түсті, оның туысқандары мүшелерін басқа адамдарға трансплантациялауға өз еріктерімен рұқсат берді. Орталық басшысы Ю.В. Пя бастаған 7 адамнан құрылған елордалық мамандар бригадасы Алматыға аттанды. Осы кезден бастап медициналық мекеменің мамандары донорлық жүректі ауыстырып салу үшін реципиентті іріктеуге кірісті. Көп мәрте тексеруден өткеннен кейін барлық көрсеткіштер бойынша сай келетін реципиент - соңғы жарты жыл бойы ауыр халде жатқан Алматы қаласының тұрғыны болып шықты.
Айта кетейік, жүректі тасымалдау ерекше OrganCareSystem (TransMedics, АҚШ) аппаратымен жүзеге асырылды. Аталған жүйе әлемнің жетекші үш клиникасында ғана қолданылады, АҚШ-та, Австралияда Германияда, ал енді Қазақстанда да бар. Донорлық жүрек Астанаға келесі күні таңертең жеткізілді. Жүректі ауыстырып салу бойынша операция сәтті өтті. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы тұрақты.