деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі Орталық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, «Допинг» операциясы барысында «Рубеж-есірткі» тосқауыл жүйесі бекеті мен Ішкі істер департаменті Есірткімен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері Астана қаласында героин сатумен айналысқан 44 жастағы ер азаматты ұстады. Әлгінің үйін тінту кезінде салмағы 2 грамнан асатын (аса ірі көлемде) героинның үш түйіншегі табылды. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 259-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша оқшаулау абақтысына жабылды. Тергеу амалы жүргізілуде.
Сондай-ақ Қарағанды облысының Ақтау қаласында героин сатқаны үшін 37 жастағы Д., есімді азаматша ұсталып, оны тінту кезінде салмағы 2 грамнан астам героин заты салынған 8 полимер түйіншек тәркіленді. Тергеу амалы жүргізілуде.