Елбасымен кездесуге Халықаралық сауда орталықтары қауымдастығының басқарма мүшесі (WTCA) Рольф Драак және «Nest Investments HOLDINGS» компаниясының корпоративтік инвестициялар жөніндегі директоры Мехран Эфтехар және Президент Әкімшілігінің басшысы Ә. Исекешев, Астана қаласының әкімі Б. Сұлтанов және сәулетші-дизайнер Кеннэт Брюс Джеймс Андерсон қатысты.
Мемлекет басшысына елордада шетелдік инвестициялардың есебінен бой көтеретін Дүниежүзілік сауда орталығының ғимараты құрылысы жобасы ұсынылды.
Негізгі инвестор - сауданы дамыту орталықтарының дүниежүзілік қауымдастығы. Әр түрлі елдерде халықаралық сауданың орталықтары трансұлттық компаниялардың аймақтық штаб пәтерлерін орнатуға арналған бизнес алаңға айналуда.
Нұрсұлтан Назарбаев жаңа нысан жобасын мақұлдап, Астана қаласының әкімі Б. Сұлтановқа инвестормен бірлесіп, жобаны әске асыру шараларын бастауды тапсырды.
Инвесторлардың ірі ауқымды жобаны іске асыру бойынша ұсыныстары елорда әкімдігінде өткен кездесу барысында талқыланды.
Инвесторлар бүгінгі таңда Қазақстан бизнесті жүргізу үшін берілетін мүмкіндіктерге өзінің жоғары бағасын берді.
Айта кетейік, Халықаралық сауда орталықтары әлемнің 100 еліндегі 300-ден астам орталықтан тұратын ауқымды жаһандық желі болып табылады. Халықаралық сауда орталықтарының қауымдастығы - БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесі жанындағы үкіметтік емес ұйым.
Халықаралық сауда орталықтарының көп бөлігі Еуропа (100-ден астам) мен АҚШ-та (60-қа жуық) орналасқан.
ХСО барлығы коммерциялық ақпарат, іскерлік кеңестер, көрмелерді. Конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру,кеңселерді жалға беру, қонақ үй қызметтері, байланыс және коммерциялық оқыту, рекреациялық және көңіл көтеру қызметтері сияқты қызметтердің стандартты жиынтығын ұсынады. Өз қызметін жүзеге асыра отырып, ХСО аймақтық ерекшеліктерді, өңірдің мүдделерін есепке алады. Мәселен, Мехико ХСО, Сан-Паули ХСО және Роттердам ХСО жалға алушыларға түрлі қызметтерді ұсынады. Көрмелер мен жәрмеңкелер - бұл Тайбэй ХСО, БазельХСО және Халифакс ХСО ерекшелігі. Ақпараттық қызметтерді көрсетуде Балтимор ХСО, Гренобль ХСО және Сеул ХСО тәжірибесі мол. Сауда миссияларының ұйымы көбіне Париж және Саппоро ХСО-тарында сұранысқа ие.
Дубайдағы ХСО (Дубай ДСО) сондай-ақ, тұрғын үй апартаменттері мен көрмелік сауда залдары бар бизнес орталық болып табылады. Бұл орын ел аумағындағы халықаралық сауданың дамуына өзінің зор үлесін қосты. Қазір мұнда көптеген конференциялар, көрмелер, шоу-бағдарламалар, банкеттер өткізіледі.