Астанада Дженнифер Лопес концерті кезінде қозғалыс уақытша шектеледі

АСТАНА. KAZINFORM – 1 тамыз күні елордадағы «Астана Арена» стадионында әлемге әйгілі америкалық әнші Jennifer Lopez өзінің «Up All Night» атты әлемдік туры аясында өнер көрсетеді.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Ауқымды концерттің өтуіне байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қонақтардың ыңғайлы келіп-кетуі мен қозғалысын ұйымдастыру мақсатында «Астана Арена» стадионы маңындағы «Алау» мұз сарайы мен «Сарыарқа» велотрегі жағынан автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Көлікті келесі орындарға қоюға болады: «Алау» мұз сарайы, «Барыс Арена» мұз айдыны, «Сарыарқа» велотрегі, Ботаникалық бақ (Бұқар жырау және Орынбор көшелері жағынан), Керей мен Жәнібек хандар көшесі және басқа да тұрақ орындары.

Фото: Астана әкімдігі

Jennifer Lopez концертіне келушілердің ыңғайлығы үшін қала бойынша бес орыннан «Астана Арена» стадионына және кері бағытта қатынайтын арнайы шаттл-автобустар қатынайды:

Астаналық цирк тұрағы;
«Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрағы;
«QAZAQSTAN» спорт кешенінің тұрағы;
Тұран даңғылы жағынан Орталық саябақтың тұрағы;
«Бас мешіт» тұрағы.

Шаттл-бастар концерт басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін екі бағытта қатынайды. Кептелістер мен тұрақ мәселесіне тап болмас үшін фестиваль көрермендері қоғамдық көлікпен қатынағаны жөн. 

Айта кетелік Дженнифер Лопес Астанаға келген еді