АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында 27-29 қаңтар аралығында джиу-джитсу спортынан Халықаралық рейтингтік «Kazakhstan National Pro Jiu-Jitsu Championship - Gi» турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан Республикасы Джиу-джитсу қауымдастығының хабарлауы бойынша сайысқа 16 жастан асқан барлық ерікті қатыса алады. Жекпе-жектер 10 салмақ дәрежесінде өтеді.
Астана төрінде жұлдызы жанып жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар «Abu Dhabi World Professional Jiu-Jitsu Championship 2017» турниріне жолдама алады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.