АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының шымылдығы түрілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлауынша, ел чемпионаты 16 қарашаға дейін жалғасады. Ұлттық біріншілікке еліміздің барлық өңірінен спортшылар қатысуда.
Осы біріншілікте бағы мен бабы қатар шауып жүлдегер атанған спортшылар ұлттық құрамаға шақырту алмақ.
Бүгін, яғни 13 қараша күні боз кілемге ерлерден 60 және 66 келідегі балуандар, ал әйелдерден 48 және 52 келі салмақта белдесетін балуандар бақтарын сынайды.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.