Баспасөз турында журналистер Астана қаласының халықаралық әуежайының ғимаратында Анталия-Астана ТК760 рейсімен келетін адамдарға санитариялық-карантиндік бақылау жүргізілуіне куә болады. Баспасөз туры Эбола індетінің ықтимал клиникалық көріністері мен жеке алдын алу шаралары туралы халықты ақпараттандыруға бағытталған.
13:56, 14 Қазан 2014
Астанада Эбола безгегіне байланысты Анталиядан келушілерге бақылау жүргізіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Эбола безгегі таралуының алдын алуға арналған баспасөз туры өтеді, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінен.