Астанада Егемен Қазақстан көшесінің бір бөлігі жабылады

Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM –  «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Кенесары көшесінен А. Иманов көшесіне дейінгі учаскеде Егемен Қазақстан газеті көшесінің жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлайды. 

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 16-18 тамыз аралығында көрсетілген учаскелерде қозғалыс толығымен жабылатын болады.

— Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Айта кетелік елорданың Алматы ауданында 15 қоғамдық кеңістік салынып жатқаны туралы жазған едік