Осыған байланысты ағымдағы жылдың 16-18 тамыз аралығында көрсетілген учаскелерде қозғалыс толығымен жабылатын болады.
— Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, — делінген хабарламада.
Айта кетелік елорданың Алматы ауданында 15 қоғамдық кеңістік салынып жатқаны туралы жазған едік.