Астанада екі қабатты ғимарат өртенді
АСТАНА. KAZINFORM – Елордадағы Байқоңыр ауданында Н. Гастелло көшесі бойында орналасқан екі қабатты ғимаратта шыққан өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді.
Өртке қарсы қызметі жоғары ранг бойынша жұмыс атқарды. Алғашқы бөлімшелер оқиға орнына жеткен кезде ғимарат шатырының ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған.
- Өртті сөндіру штабы құрылып, үш жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Газ-түтіннен қорғау қызметі барлау жұмыстарын жүргізді, - деп мәлімдеді ТЖМ.
Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды. Өрт оқшауланды.
Қауіпсіздік мақсатында сегіз газ баллоны қауіпсіз қашықтыққа шығарылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Айта кетейік, Петропавлда өндірістік цехте шыққан өрт роботтың көмегімен сөндірілді.