Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Е.Брусиловский көшесінің Кенесары көшесінен А.Иманов көшесіне дейінгі учаскесінде 5-6 мамыр аралығында қозғалыс ішінара жабылатын болады.
Сондай-ақ Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде Г.Титов көшесіндегі жол жабынына жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Осыған байланысты 5-6 мамыр аралығында автокөлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды», - делінген хабарламада.