Астана қаласында бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шаралар өткізілуіне байланысты 2026 жылғы 5-6 қазанда қала көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады.
Іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын пайдалану көзделген.
— Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын 5-6 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келе жатқанын жазған едік.