Оқиға Т. Хусейн көшесінде болған. Мұнда жалпы ауданы 75 шаршы метрді құрайтын екі шаруашылық құрылысы өртенген.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, өртті сөндіру жұмыстарына кірісті. Өртті ауыздықтау барысында мамандар қауіпті аймақтан бір газ баллоны мен үш оттегі баллонын қауіпсіз жерге шығарды.
- Бұл шара ықтимал жарылыстың алдын алып, өрттің одан әрі таралу қаупін төмендетуге мүмкіндік берді, - деп жазды ведомстводан.
Өрт толық сөндіріліп, жалынның көрші нысандарға таралуына жол берілген жоқ. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Айта кетейік, елордадағы саунадан шыққан жалын коттеджге өткені хабарланды.