Астанада екі жасар бүлдіршін бақшада буллингке ұшыраған
АСТАНА. KAZINFORM — Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Астанада болған жағдайға байланысты түсініктеме берді.
Астана қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде екі жасар баланың буллингке ұшырағаны жөнінде анасы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгінді.
— Күні кеше баланың анасы Комитет төрайымы Насымжан Оспановамен кездесіп, болған жағдайды егжей-тегжейлі баяндады. Кездесу нәтижесінде аталған жайт бойынша тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды. 28 сәуірде Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті тиісті тексеруді бастайды. Айта кетейік, Комитет балалардың құқықтарына қатысты әрбір өтініш пен шағымды мұқият қарап, назардан тыс қалдырмайды. Әр бала қауіпсіздік пен қамқорлыққа негізделген қарым-қатынасқа лайық, — делінген ведомство хабарламасында.
Осыған дейін елорда дәмханасында он адам астан уланғанын жазған едік. Соңғы мәліметке сәйкес уланғандар саны 20-ға жетіп, тергеу жүріп жатқаны анықталды.