— 2025 жылғы 18 тамызда түнгі уақытта «Шкода» маркалы автокөлік жүргізушісі Қошқарбаев көшесінен Сарыарқа көшесіне қарай «Сарайшық» көпірімен келе жатып, жол жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқанын ескермей, жұмыс істеп жатқан екі жұмысшыны қағып кетті, — делінген хабарламада.
Жол апаты салдарынан жұмысшының бірі оқиға орнында көз жұмды, екіншісі ауруханаға жеткізілді.
— Болған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Автокөлік арнайы коммуналдық тұраққа қойылды, — дейді ведомстводан.
Айта кетсек, елордада мас күйде рөлге отырған 1 мыңнан астам астаналық жазаланды.