Астанада екі адамды көлік қағып кетті, оның бірі көз жұмды
18:53, 26 Маусым 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жол бойында екі адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«25 маусым күні сағат 08:20 шамасында Бауыржан Момышұлы даңғылы мен Аманат көшесінің қиылысында «Тойота королла» автокөлігі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптама жұмыстары тағайындалды», - деп хабарлады қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Жол апаты салдарынан 24 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмған. Ал екінші 63 жастағы ер адам әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.