«Астаналық полиция қызметкерлерінің қызылордалық тәртіп сақшыларымен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының барысында кәмелетке толмаған қыздың жүрген жері анықталды. Қыз дін аман», - деп хабарлады Астана қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 13 жастағы Астана тұрғыны 6 маусым күні жоғалып кеткен болатын. Туыстары полицияға хабарласқан соң оны іздестіру жұмыстары басталды.