07.44-тегі жағдай бойынша, кейінге қалдырылған рейстер ішінде Алматыдан Астанаға және Астанадан Алматыға рейстер (Air Astana авиакомпаниясының KC 683 және KC 684) бар. Air Astana әуе компаниясының Оралдан Астанаға және Астанадан Оралға KC 980 және КС 979 екі рейсі және Үрімжіден Астанаға, Астанадан Үрімжіге China Southern Airlines компаниясының CZ 6013 және CZ 6013 екі рейсі бөгелуде.
Астанада бүгін, 29 ақпанда күн тұманды, «Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша ауа температурасы күндіз 0... 2 градус.