Астанада екі бағдарға жаңа электр пойызы шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесін карсанында елордадан «Астана-Қарағанды» және «Астана-Көкшетау» бағыттары бойынша жайлылығы жоғары екі жаңа электр пойызы сапарға аттанды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі.

«Астана-Қарағанды»  маршруты бойынша электр пойызы Астанадан 14 сағат 55 минутта шығып, жолда Вишневка, Осакаровка, Қарағанды-Сұрыптау стансаларына аялдайды.

Бірінші сыныпты вагонда жол жүру құны - 1 305 теңге, екінші сыныпта- 1 216 теңге, үшінші деңгейде - 1 010 теңге.

Электрпойыз құрамында 2 вагон бірінші сыныпты, 2 вагон екінші сыныпты және 2 вагон үшінші сыныпты.

«Астана-Көкшетау»  маршруты бойынша электр пойызы 15 сағатта аттанып, жолда олар Ақкөл, Макинка, Бурабай стансаларына аялдайды.

Бірінші сыныпты вагонда жол жүру құны - 1 567 теңге, екінші сыныпты вагонда- 1 459 теңге, үшіншісінде - 1 201 теңге.

Электр пойызының құрамында 2 вагон бірінші класс, 2 вагон екінші класс және 2 вагон үшінші класс.

Электр пойыздары әлемдік қала маңы стандартына сай жасалған. Сонымен қатар  Кеден одағы техникалық регламентіне де сәйкес.

Жаңа құрамда жолаушыларға барлық жағдай жасалған: ыңғайлы жұмсақ кресло, пассивті қауіпсіз креш-жүйе, Wi-Fi базасындағы ақпараттық-ойын-сауық порталы (жолаушыларға жалпы ақпаратты көру мүмкіндігі беріледі, сонымен қатар көңіл көтеретін фильмдер мен ойындар) деректемелерді тіркеп отыратын салондар мен тамбурлардың бейнебақылау жүйесі, қазақ, орыс және ағылшын тілінде жол жүру параметры туралы ақпараты бар «Жүгіртпе жол» ақпараттық таблосы және тағы да басқалары.

Электр пойызында мүмкіндігі шектеулі жолаушылар вагонға отыру үшін арнайы көтергіш қарастырылған, сондай-ақ қауіпсіздік белбеуі, жеңіл арбаны бекітуге арналған құрылғы және жолсерікті шақыру үшін жеке батырмасы орнатылған жеке орындар бар.