«Бәйтерек» медиа орталығының мәліметіне қарағанда, «Astana Bus Tours» жобасын ішкі туризмді дамыту бойынша «Менің елім» қауымдастығы Астана әкімдігімен және ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесе жүзеге асыруда.
Аталған автобустар «Hop on Hop off» жүйесі бойынша қызмет көрсетеді, яғни осы көліктерге шексіз түрде мініп, түсу қарастырылған. Сонымен қатар билеті бар туристер бір тәулік ішінде қала ішінде жүрген кез келген автобуста саяхаттай алады.