Жедел алдын алу шарасының үш күнінде 59 қылмыс тіркелген, соның ішінде 44-і ашылды, сондай-ақ бұрын жасалған 31 қылмыс та ашылды. Іздеуде болған 4 қылмыскер ұсталды.
Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны немесе алып жүргені үшін 17 адам ұсталды. Соның ішінде 10 адам есірткіні заңсыз сақтап жүргені үшін ұсталған.
Осылайша, полиция қызметкрелері «Nissan Tiana» маркалы автокөліктің 36 жастағы жүргізушісін тоқтатты.
Көлік салонынан салмағы 994 грамм наша есірткі анықталды. Бұдан басқа, жеке тексеру кезінде ер адамнан салмағы 20 грамға жуық марихуана анықталған.
Аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз сақтап жүрген күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Полицияда аталған қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралғанын атап өтті.
Шара басталғалы 4 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталған, соның шінде ұсақ бұзақылық жасаудың 359 фактісі, тыныштық бұзудың 500-ге жуық фактісі, қоғамдық орындарда алкгольдік ішімдіктерді ішу немесе мас күйінде жүрудің 960 фактісі бар.
Тіркеусіз тұрып жатқан 1,5 мыңнан астам адам анықталды.
Көлікті мас күйінде жүргізген 44 жүргізуші ұсталды.
Учаскелік инспекторлар үш күн ішінде иесіз қалған 100-ден астам үй мен 2 мыңдай саяжай құрылысын аралап шықты.