Астанада екі күн ыстық су болмайды

АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - 13-14 тамызда жылу магистральдарының тығыздылыққа сынауын өткізуге байланысты ыстық су беру тоқтатылады.

Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана-Теплотранзит» АҚ хабарлады.

Атап айтқанда, Республика даңғылы, Дүкенұлы, Айманов, Уәлиханов көшелері, Бөгенбай батыр даңғылы, Рахимов, Аймауытов, Сейфуллин, Омаров көшелері, Абай даңғылы, Отырар, Луи Пастер, Иманбаев, Кенесары, Иманов, Ғұмар Қараш, Ғабдуллин, Тархан, Бараев, Ысмайылов, Баянауыл, Ағыбай батыр, Рамазан көшелері ыстық судан ажыратылады.

«Берілген ұйғарымға сәйкес, кәсіпорын мен ұйым басшылары, ПИК және ТК төрағалары осы кезеңде ыстық сумен қамтуды істен ажыратып, қызметкерлер құрамының кезекшілігін ұйымдастырылады. Жылу желісіндегі барлық жұмыстар тоқтатылуы тиіс. Анықтама алу үшін мына телефондармен хабарласыңыз: 792-160, 771-200, 771-211, 771-216», - делінген ақпаратта.