Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Таратылған хабарламаға сүйенсек, 22 қазан күні, кешқұрым Сарыарқа аудандық Ішкі істер басқармасына Б. есімді азамат шағымданып, «Алаш» орталық базары аумағында тұрған «BMW» автокөлігінен сомасы 50 000 теңге болатын жеке мүлкі ұрланғандығы туралы айтқан. Сол күні, бірінші қылмыс орын алған жерде тұрған «Фольксваген-Пассат» автокөлігінен 5 000 теңге тұратын ұялы телефоны ұрланғандығы туралы С. есімді азамат арыз берді.
Келесі күні Алматы аудандық ІІБ-на Р. есімді азамат «Тоyоtа Cамry» автокөлігінің әйнегін сындырып, жалпы сомасы 25 000 теңге болатын жеке заттарын (кілттер, сорғы) ұрлап әкеткендігі туралы арыз түсірді. Сол күні Астана қалалық ІІД-не Мұстафин көшесінің бойында Мерседес, Лексус, Тойота автокөліктерінен жеке мүліктер ұрланғандығы туралы бірнеше азамат шағымданды.
Бүгінде аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 175-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстарды ашу бойынша тиісті шаралар қолданылуда.