Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.
Оның айтуынша, оқиға бүгін түске дейін орын алды.
«16 қыркүйек күні Астананың Есіл ауданында салынып жатқан нысанда 20 қабатты биіктіктен көтергіш құлап кетіп, екі адам ажал құшты», - деді Р. Иманқұлов.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.