Астанада екі құрылысшы салынып жатқан үйдің 5 қабатынан құлап кетті

АНА. 4 наурыз. ҚазАқпарат - Астанада құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында екі жұмысшы биіктіктен құлап кетті.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, 3 наурыз күні түс ауа Алматы ауданы Қалдаяқов көшесінде бой көтеріп жатқан 6 қабатты «Қалалық романс» тұрғын үй кешенінің 5-ші қабатынан екінші қабатқа «Мади» ЖШС-ның 32, «Базис Фасад» ЖШС-ның 31 жастағы екі жұмысшысы құлап кетті. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.